Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық полиция үш күндік рейд барысында жүздеген жол ережесін бұзу фактісін анықтады

Астаналық полиция үш күндік рейд барысында жүздеген жол ережесін бұзу фактісін анықтады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астаналық полиция жол-көлік апаттарын азайту және жол ережесін бұзудың алдын алу мақсатында кешенді жұмыс жүргізуде. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында және республикалық «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қала көшелерінде патрульдеу күшейтіліп, видеокамералар арқылы бақылау және мемлекеттік нөмірлерді тану технологиялары қолданылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қала полиция департаментінің мәліметі бойынша, рейд жүргізілген үш күн ішінде елордада 400-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық қорғаушылар ең жиі кездесетін бұзушылықтар ретінде мына фактілерді атады:

• маневр жасау ережесін бұзу – 66 жағдай;

• техникалық байқау болмауы – 74;

• жүргізу кезінде телефон қолдану – 78;

• қызыл белгіден өту – 35;

• қарсы жолаққа шығу – 12;

• жаяу жүргіншілерге жол бермеу – 18.

Астаналық полиция жолдағы қауіпсіздік әр жүргізушінің тәртібіне байланысты екенін ескертеді. Барлық жүргізуші жол ережелерін қатаң сақтауға міндетті.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді