Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде полиция қауіпті жүргізушілерді анықтады

Ақтөбеде полиция қауіпті жүргізушілерді анықтады
Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде полиция қауіпті жүргізушілерді анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбеде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін елемейтін өрескел заң бұзушыларды анықтады. Олар үшін қызыл жарық, жылдамдықты асыру немесе қарсы бағытқа шығу — үйреншікті әрекетке айналғандай. Алайда жол мұндай қателіктерді кешірмейді. "Қорғау" жүйесі мен қала көшелеріне орнатылған бейнебақылау камералары арқылы полицейлер екі ай ішінде 45 рет жол ережесін бұзған жетелде тіркеудегі Toyota автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Ал Volvo автокөлігінің жүргізушісі 29 бұзушылық жасап, заңды аттап өткен.

Алайда ең қорқыныштысы — бұл сандар емес. Осындай жүргізушілер жазықсыз адамдардың өміріне өрескел қауіп төндіреді. Әрбір жол ережесін бұзу — жай ғана статистика емес. Бұл — біреудің аяқталмаған қадамы, біреудің үйіне жете алмаған сәті, біреудің үзіліп қалған өмірі. Жол ережелері қара сиямен емес — қанмен жазылады. Рульге отырған әр адам мұны есте сақтауға тиіс. Полиция жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтауға бағытталған "Қауіпті жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатқанын еске салады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті