Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде полицейлер жол ережесін бұзған жүргізушіні анықтады

Ақтөбеде полицейлер жол ережесін бұзған жүргізушіні анықтады
Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде полицейлер жол ережесін қасақана бұзған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген профилактикалық іс-шаралар барысында Ақтөбе қаласының патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзған жүргізушіні анықтады. Шетелдік есепте тұрған Toyota автокөлігінің иесі екі айдың ішінде жол ережесін 131 рет бұзған. Анықталған құқық бұзушылықтар үшін салынған жалпы айыппұл сомасы шамамен 3,5 миллион теңгені құрады. Қазіргі уақытта көлік айыптұраққа қойылды.

Жүргізуші жасаған бұзушылықтар қатарында жылдамдықты арттыру, жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп төндіретін дұрыс емес маневрлер секілді өрескел әрекеттер бар. Бұзушылықтардың жиілігі мен сипаты бұл жүргізушінің әрекеті ауыр жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін екенін көрсетеді. Әрбір ереже бұзушылық — адам өміріне төнетін нақты қауіп. Полиция департаменті барлық жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жолда барынша мұқият болуды және қауіпсіздік — әр азаматтың жеке жауапкершілігі екенін еске салады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті