Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада сарапшылар Тұрақты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды

Астанада сарапшылар Тұрақты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордадағы Эко-хабта қаладағы Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу және оларды іске асыру бойынша мониторингке арналған бірқатар іс-шара өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шаралар төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезең аясында белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған воркшоп ұйымдастырылды.Спикерлер қоғамдық ұйымдардың өз бастамаларын күшейту үшін мемлекетпен және қоғаммен қалай өзара әрекеттесу керектігін түсіндірді.

ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өкілдері ортақ мәселелерді талқылап, даму нүктелерін айқындады.Екінші кезең практикалық бөлім болды және нақты кейстерге арналды.Қатысушылар әлеуметтік жобалардың мысалдарын талдап, олардың кеңеюіне кедергі келтіретін факторларды атап өтті. Сонымен қатар өз идеяларын ұсынды.Одан кейін Тұрақты даму мақсаттары контекстінде өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жаңа идеяларды қоғам талқылауы өтті.Қорытынды бөлімде «Астанада Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және іске асыру» жобасының нәтижелері талқыланған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

«Мен Астанада күміс волонтермін. Бүгінгі кездесу тақырыбы өте өзекті әрі қызықты. Бұл бағытпен мен көптен бері айналысып келемін. Менің міндетім – бүгін алған барлық ақпаратты біздің күміс волонтерлеріміз бен университеттің мүшелеріне жеткізу. Біз мұндай іс-шараларға алғаш рет қатысып отырған жоқпыз. Ұсынылған бағыттарды қарап, өзімізге қолайлысына белсенді түрде атсалысуға тырысамыз. Әрбір азамат өзі қатыса алатын және қатысқысы келетін экологиялық бағытты табуы керек деп ойлаймын. Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға арналған осындай іс-шаралар дәл осыған ықпал етеді. Бұл – дұрыс жол деп санаймын», – деді «Үздіксіз білім беру» қорының директоры Гүлбаршын Қасыманова.

Бұл күннің ерекшелігі – бір үстел басына әр буын мен әртүрлі саланың өкілдері жиналды. Әрқайсысының айтары болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті