Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет астық экспортын қолдауға қосымша 7 млрд теңге бөлді

Үкімет астық экспортын қолдауға қосымша 7 млрд теңге бөлді
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Үкіметі астық экспорттаушыларды қолдау үшін қосымша 7 млрд теңге бөлді. Қаражат көлік шығыстарын субсидиялаудың қолданыстағы бағдарламасы бойынша мемлекеттің міндеттемелерін толық орындауға, сондай-ақ приоритетті шетелдік нарықтарға жеткізуді одан әрі ынталандыруға бағытталады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қосымша қаржыландыру қажеттігі дәнді дақылдардың жоғары өнімділігі мен шетелдік сатып алушылар тарапынан қазақстандық астыққа деген сұраныстың артуына байланысты туындап отыр.

Биыл көлік шығындарын субсидиялауға Үкімет резервінен 31 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат қазақстандық өнімнің жаңа экспорттық бағыттарға шығуын, бұрын болған нарықтарға қайтадан қол жеткізуді және баламалы логистикалық маршруттар бойынша алыс шет елдерге экспорт көлемін ұлғайтуды қамтамасыз етті. Жүзеге  асырылған шаралардың қорытындысында жаңа және қалпына келтірілген нарықтарға астық жеткізу көлемі 2,5 млн тоннадан асты.

Бұған дейін 2026 жылға арналған көлік шығыстарын субсидиялау бағдарламасын кемінде 30 млрд теңге көлемде қаржыландыра отырып ұзарту туралы шешім қабылданған болатын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі аграрлық секторды дамыту, экспорттық әлеуетті кеңейту және отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі дәйекті саясатты жалғастыра береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті