Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет Қостанай қаласының индустриялық аймағының инфрақұрылымы үшін 6,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Үкімет Қостанай қаласының индустриялық аймағының инфрақұрылымы үшін 6,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет «Қостанай» индустриялық аймағын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 6,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 млрд 560 млн теңге көлеміндегі қаражат Қостанай қаласындағы индустриялық аймақта KIA автокөлігін өндіретін зауытқа кірме жолдары мен 3-ші санаттағы теміржолдарды салуға бағытталады.

Айта кету керек, салынып жатқан KIA автокөлік өндіру зауыты – ең ірі автомобиль жобаларының бірі. Зауыттың жобалық қуаты жылына шамамен 70 мың автокөлікті құрайды.

Инвестор 90 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары мен инженерлік коммуникациялар жүргізуге 500-ден астам адам жұмылдырылған. Жоба аясында барлығы 1,5 мың жұмыс орнын ашу көзделген.

Зауыт 2025 жылдың қазан айында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Кәсіпорын аймақ пен еліміздің дамуына үлкен серпін береді, сондай-ақ өндірісті локализациялау деңгейін айтарлықтай арттырады. Зауыт дәнекерлеу, сырлау және көлік құрастыру сияқты толық циклді негізде жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қостанай қаласының Индустриялық аймағы аумағында 5 жоба іске қосылған. 9 жоба белсенді түрде пысықталып жатыр.

Осылайша, индустриялық аймақ аумағында көлік инфрақұрылымын салу барлық іске асырылып жатқан жобалардың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті жағдай жасайды. Жаңа кірме жолдар мен теміржолдар үздіксіз логистиканы қамтамасыз етіп, шикізат жеткізу ісін жеделдетеді, сондай-ақ дайын өнімді ішкі және сыртқы нарықтарға тасымалдауды жеңілдетеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты