Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау: Үкімет дихандардан бидай сатып алуға қаржы бөлді

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау: Үкімет дихандардан бидай сатып алуға қаржы бөлді
Фото: primeminister.kz

Ел Үкіметі шаруаларды қолдау бойынша қажетті шараларды қабылдауда. Үкімет резервінен отандық аграрийлерден 4-ші, 5-класты және классыз бидай сатып алу үшін қаражат бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Құжат Мемлекет басшысының биыл қолайсыз ауа райынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау бойынша жедел шараларды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде қабылданды.

Атап айтқанда, қаражат Азық-түлік корпорациясының қазақстандық аграрийлерден 350 мың тонна 4-ші, 5-класты және классыз бидайды тікелей сатып алуына бөлініп отыр. Қаражат көлемі 31 млрд 375 млн теңгені құрайды.  

Бүгінде дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталып, 16,9 млн га алқаптан дәнді және бұршақ дақылдары жиналды. 9,8 ц/га орташа өнімділікте 16,6 млн тонна бидай, оның ішінде орташа өнімділігі 8,6 ц/га 11,5 млн тоннаға жуық астық бастырылды.

Сонымен қатар егін орағы кезінде үздіксіз жауған жауын-шашын жұмыстың қарқыны мен өнім сапасына әсер етіп, шаруалар қиын жағдайға тап болды.  Орын алған жағдай ауыл тұрғындарының жиналған өнімді  өткізуіне, сәйкесінше, келісімшарттар бойынша міндеттемелерін орындауға кері әсерін тигізді.

Қазіргі уақытта өткен жылдан қалған көлем мен ішкі тұтынуды ескере отырып, жиналған өнім отандық нарықты қамтамасыз етуге және белгілі бір көлемде экспортқа, оның ішінде ұн түрінде жөнелтуге жеткілікті.

Еске салайық, жалпы 2023 жылы Үкімет АӨК-ті субсидиялауға барлық көздерден 494 млрд теңге, оның ішінде Үкімет резервінен өсімдік және мал шаруашылығын субсидиялауға қосымша 60 млрд теңге бөлді.

Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бағытталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді