Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Кенесары көшесінің бойында Есіл өзені арқылы өтетін көпір салынады

Астанада Кенесары көшесінің бойында Есіл өзені арқылы өтетін көпір салынады
Фото: primeminister.kz

Астанада бірқатар көпірлерді күрделі жөндеу және салу бойынша жұмыстар жүріп жатыр: олар Тәуелсіздік бойындағы көпір құрылысы, Алаш – Бөгенбай батыр тас жолы бойындағы өтпе жолды күрделі жөндеу, Пушкин көшесі бойындағы өтпе жолды («Можайский» көпірі) жөндеу жұмыстары. Сондай-ақ Н. Тілендиев даңғылы мен Ш. Бейсекова көшесінің қиылысында айналма жол салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жол құрылысының барысымен және жол-көлік желісін дамытудың перспективалық жоспарларымен танысты.

Мысалы, Кенесары көшесінің бойында Есіл өзені арқылы өтетін (ҚазГЮУ университетінің жанында) көпірді жобалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл көпірдің құрылысы келесі жылы басталады деп жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы Тәуелсіздік даңғылы бойындағы көпір құрылысы аяқталады. Бұл көпір жолдардағы көлік қозғалысын айтарлықтай жеңілдетеді: Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы ауданы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешітінің ауданы, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелері, Момышұлы даңғылы мен сол жағалау және т.б. арасындағы қосымша қатынасты қамтамасыз етеді.

Биыл 70-тен астам көше салынып, жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл Керей-Жәнібек хандар көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі құрылысы, Мәңгілік Ел даңғылының Салтанатты қақпадан Хусейн бен Талал көшесіне дейін, Ғұмар Қараш, Қордай, Бурабай, Белжайлау, Кенесары көшелерінің Ғабдуллин көшесінен Республика даңғылына дейінгі тұсы, Уәлиханов көшесінің Кравцов көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі, Тәшенов көшесі Республика даңғылынан Амман көшесіне дейін, Иманбаев көшесі Иманов көшесінен Кенесары көшесіне дейін, Әл-Фараби даңғылы Алаш көшесінен Пушкин көшесіне дейін, Жеңіс даңғылы Бөгенбай батыр даңғылынан Кенесары көшесіне дейін, Еңбекшілер көшесі құрылысы Ұлы дала даңғылынан Бұқар Жырау көшесіне дейін; Рысқұлов көшесі Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Қайсенов көшесіне дейін, Сарыарқа, Р. Қошқарбаев даңғылдары және басқа да тағы 300 көше ағымдағы жөндеумен қамтылады. Қазірдің өзінде жұмыстың бір бөлігі аяқталды.

Сонымен қатар биыл қала бағыттары үшін 400 жаңа автобус жеткізіледі, олардың 90-ы қалаға келіп үлгерді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді