Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жылдамдықты BRT жүйесін дамыту жалғасуда

Алматыда жылдамдықты BRT жүйесін дамыту жалғасуда
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда жылдамдықты BRT жүйесін дамыту жалғасуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Желтоқсан көшесі мен Райымбек батыр даңғылы бойындағы BRT желісінің құрылыс учаскелерін аралап көрді. Желтоқсан көшесінде BRT жолағы жолдың шеткі бөліктерімен өтіп, Тимирязев көшесіндегі қолданыстағы желіні Райымбек батыр даңғылында салынып жатқан желімен байланыстырады. Қазіргі уақытта асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталып, жол таңбалары сызылып, көгалдандыру жүргізілуде. Тротуарлардың 60%-ы жаңартылды. Қала әкімі негізгі жұмыстарды тамыз айының соңына дейін аяқтап, қосымша көше шамдарын орнатуды тапсырды.
 Райымбек батыр даңғылы бойында үздіксіз жүретін арнайы жолағы бар BRT желісі салынып, жаңа аялдамалар орнатылады. Сондай-ақ, абаттандыру жұмыстары «қасбеттен қасбетке дейін» қағидасы бойынша жүзеге асады. BRT желісін кеңейту — қаланың көлік жүйесін дамытуға арналған мастер-жоспардың маңызды бөлігі. Жоба іске қосылған соң, қоғамдық көліктің орташа жылдамдығы 50–70%-ға артады деп күтілуде. Мердігер ұйымдарға жұмыс сапасын, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, құрылыс барысы жайлы тұрғындарды уақтылы хабардар етіп отыру тапсырылды, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті