Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дархан Сатыбалды жаңа шағынаудандардағы қасбеттік жарықтандыру жұмыстарымен танысты

Дархан Сатыбалды жаңа шағынаудандардағы қасбеттік жарықтандыру жұмыстарымен танысты
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда тұрғын үй аумақтарындағы жарықтандыруды жақсарту және қауіпсіз қала кеңістігін қалыптастыру жұмысы жалғасуда. Қала әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданына барып, сәулеттік-декоративтік жарықтандыру және көркейтудің жаңа нысандарын қарады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алғаш болып Шұғыла шағынауданындағы «Арбат – Ұлықбек» жаңа жүргіншілер аймағы таныстырылды. Жоба көркейтуге арналған бюджеттік бағдарламалар (ХҚБ) аясында жүзеге асырылып, аудан тұрғындары үшін қолайлы және қауіпсіз қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған.

Аймақтың жалпы ұзындығы – 370 метр. Мұнда жүргінші жолдары (2 мың куб. м) және велосипед жолақтары (1200 куб. м), балалар ойын алаңы, баскетбол алаңы, воркаут-аймағы және шағын амфитеатр орнатылған. Сондай-ақ шағын сәулеттік формалар, көше жиһазы, автоматты суару жүйесі және жарықтандыру элементтері қарастырылған. Көгалдандыру аясында 200 ірі ағаш және 4500 бұта отырғызылды, 30 орындық, 30 қоқыс жәшігі және 28 шағын сәулеттік форма орнатылды.

Алматы әкімі шағынаудандардағы жергілікті қоғамдық кеңістіктерді дамыту маңызды екенін атап өтті.

«Мұндай аумақтар тұрғындар үшін демалыс пен серуеннің, кездесу мен қарым-қатынастың жайлы әрі қауіпсіз ортасын қалыптастырады. Біз қаланың әр ауданын кезең-кезеңімен көркейтуді жалғастырамыз», – деді Дархан Сатыбалды.

Келесі нысан – Шұғыла тұрғын үй кешеніндегі сәулеттік-декоративтік жарықтандыру. Жұмыстар қала бойынша қасбеттерді жарықтандыру бағдарламасы аясында істелген.

Сондай-ақ жарықтандыру Алатау және Сабденов көшелері бойындағы тоғыз тұрғын үйге орнатылған. Қолданылған заманауи энергия үнемдейтін жабдықтар қасбеттер мен аула аумақтарын біркелкі жарықтандыруды қамтамасыз етеді. Мұндай жобалар түнгі уақытта қауіпсіздікті және жайлылықты арттырумен қатар, жаңа тұрғын аудандардың эстетикалық келбетін қалыптастырады.

Жұмыс сапарының соңғы нүктесі Райымбек даңғылы бойындағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешені болды. Мұнда да қасбеттік жарықтандыру толық аяқталған. Жоба сегіз тұрғын үйді қамтиды, сондай-ақ тиімді технологиялар қолданылып, электр қуатын үнемдеп, жүйелердің ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етеді.

Дархан Сатыбалды қалалық кеңістіктің эстетикасы тұрғындар жайлылығының маңызды құрамдас бөлігі екенін айтты.

«Біз инженерлік инфрақұрылыммен қатар, аудандардың сыртқы келбетіне де назар аударамыз. Қасбеттік жарықтандыру қаланы заманауи етеді және кешкі Алматыны жандандырады», – деп атап өтті әкім.

Аралау барысында қала әкімі аудандарды кешенді көркейтуді жалғастыруды, жобалардың сапасы мен мерзімін қамтамасыз етуді, сондай-ақ сәулеттік жарықтандыру жүйелерінің техникалық жағдайына бақылауды күшейтуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті