Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр

Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов қала тұрғындарының сұрағына жауап беріп, Алматы зообағын жаңғырту жоспары туралы жан-жақты баяндап берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, зообақ – бірегей нысан, әрі оған келіп-кететіндер саны да артып барады. Сондықтан қазіргі қоршаулардың, айналадағы аумақтар мен инженерлік инфрақұрылымның жағдайы едәуір ескіргенін, жұртқа сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейтінін айтады. Қазіргі қоршаулар жануарларды күтіп-ұстаудың әлемдік стандартына да сай келмейді.

«Әлемнің барлық елінде зообақтарды табиғи ортаға ұқсайтындай етіп, жан-жануарларға барынша жайлы жағдай жасап жатыр, біз де осы бағытта жұмыс істеуге бет алдық», - дейді Бейбіт Шаханов.

Қайта жаңғыртуға дайындықтың негізгі кезеңінің бірі – іргелес жер телімдерін сатып алу. Ол - инфрақұрылымды толық жаңартып, жануарларды ұстауға арналған заманға сай табиғи аймақтар құрып, автотұрақ аумағын кеңейту деген сөз.

«Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатқан кезде климаттық жағдайы ұқсас елдердің зоопарктерін жаңғырту тәжірибесі ескерілуде. Вольерлерге қойылатын талаптар жетекші әлемдік сарапшылардың қатысуымен әзірленген Модернизацияның мастер-жоспарында белгіленген жануарларды күтіп-ұстау стандарттарына толық сәйкес келеді. Жобалауға Еуропа мен Ресейден келген зооархитекторлар қатысуда», – деп атап өтті спикер.

Жоба бойынша жұмыс қазір басталып кетті. Келер жылы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу да аяқталып қалады. Ал 10 жер телімін сатып алғаннан кейін қала зоопаркті ауқымды түрде қайта құруға кіріседі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады