Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 11,7 мың оқушыға арналған 8 заманауи мектеп салынып жатыр

Алматыда 11,7 мың оқушыға арналған 8 заманауи мектеп салынып жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы құрылыс қарқынды жалғасуда. Қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов жаңа оқу орындарының құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда мегаполисте 11 700 оқушыға арналған 8 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Нысандар қаланың әр ауданында Qazaq Stroy, Azimut, Time Group Construction және BI Group сынды жеке компаниялардың қаражаты есебінен салынуда. Құрылыс аяқталған соң мектептер Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беріледі.

Құрылыс компанияларының өкілдері барлық жұмыс белгіленген мерзімде аяқталатынын атап өтті.

«Біздің басты мақсатымыз – балалардың үшінші тоқсаннан бастап оқуын жаңа мектептерде жалғастыруы. Ешқандай сылтау қабылданбайды. Бірақ жылдамдық сапаға әсер етпеуі керек. Мектептердің жабдықталуы, спорт алаңдарының сапасы және абаттандыру деңгейі жоғары стандарттарға сай болуы тиіс», – деді Бейбіт Шаханов.

Биыл Алматыда ұлттық жоба аясында әкімдік жанындағы жобалық кеңсенің қолдауымен 22,5 мың оқушыға арналған 12 мектептің құрылысы аяқталды. Оның ішінде 7 мектеп жаңа оқу жылының басында ашылды, ал 5 мектеп екінші тоқсанда оқушыларды қабылдайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті