Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңа әуехаб: Шымкенттен Еуропа және Азия елдеріне тікелей рейстер ашылды

Жаңа әуехаб: Шымкенттен Еуропа және Азия елдеріне тікелей рейстер ашылды
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Шымкент қаласында Германия, Венгрия, ҚХР, Оңтүстік Корея, Египетке тікелей рейстердің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан әуежайларының жүктерді тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейту және аэрохабтарды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде іске асырылды. Рейстер Boeing 737 типті әуе кемелерінде орындалады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

27 мамырдан бастап Шымкент-Мюнхен бағытындағы әуе рейсі аптасына 2 рет сейсенбі және бейсенбі күндері тұрақты орындалады.

Шымкент-Будапешт бағыты аптасына 2 рет сейсенбі және сенбі күндері орындалады.

29 мамырдан бастап Шымкент-Шанхай бағыты аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері тұрақты орындалады.

Шымкент-Сеул рейсі аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері, ал Шымкент-Каир рейсі әр бейсенбі сайын орындалады. 24 маусымнан бастап Шымкент-Каир рейсі аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері орындала бастайды.

2 шілдеден бастап Шымкент-Сиань әуе рейсі іске қосылып, сәрсенбі және сенбі күндері аптасына 2 рет орындала бастайды. 4 шілдеден бастап Шымкент-Үрімші рейсі аптасына 2 рет сейсенбі және жұма күндері жүзеге асады.

Жаңа тікелей рейстердің іске қосылуына арналған іс-шарада Қазақстанның авиациялық басшылары, сондай-ақ бес мемлекеттің дипломатиялық өкілдері сөз сөйледі.

«Бұл рейстердің ашылуы Шымкент әуежайының жаңа терминалы базасында халықаралық әуехабты дамытуға мүмкіндік беретін бастама», - деп атап өтті ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева.

Шымкент әуежайының жаңа терминалы 2024 жылдың 25 желтоқсанында ашылды.
Терминал құрылысынан басқа перрон мен әуе кемелеріне арналған тұрақ орындарының реконструкциясы жүзеге асты. Вокзал маңы алаңы салынды.

Іс-шараға сонымен қатар SCAT әуекомпаниясының президенті Владимир Денисов, Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы Бексұлтан Әділханов және Венгрия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Саболч Карой Секе қатысты.

Еуропа және Азияға ашылған тікелей рейстер бұл өңірдің және республиканың іскерлік белсенділігі мен сауда-экономикалық байланыстарын арттыратын маршруттық желілерді дамытудың кезекті кезеңі.

ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту, халықаралық рейстер санын ұлғайту және аэрохабтарды дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі