Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда тауық еті мен қант бағасы тұрақтандырылмақ

Алматыда тауық еті мен қант бағасы тұрақтандырылмақ
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру аясында «Алматы» ӘКК» АҚ «Алатау-құс» компаниясымен тауық етін (сан еті) жеткізу және сату бойынша форвардтық қарыз шартына қол қойды. «Алатау-құс» 30 фирмалық дүкенге 358,8 тонна тауықтың сан етін жеткізіп, қала тұрғындарына келісін 1650 теңгеден сатады. Тұрақтандыру мерзімі - 24 ай. Бұл туралы «Алматы» ӘКК» өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейінгі келісім негізінде «Алатау-құс» компаниясы тауықтың сан еті мен жамбасын тұрғындарға келісін 1100 теңгеден сатып отыр.

Сондай-ақ, «Алматы» ӘКК» жергілікті өндірушілерден 4500 тонна құмшекер сатып алды. Отандық қант «Magnum», «Small», «Toimart», «Столичный», «Юбилейный» және өзге сауда желілерінде 10%-дан аспайтын үстемақымен сатылады. Өндіруші бекіткен баға – келісіне 405 теңге. Тұрақтандыру келесі жылдың қарашасына дейін жалғасады.

Айта кетейік, биыл наурыз айында «Алматы» ӘКК» мен «Magnum Cash&Carry» арасында әлеуметтік маңызы бар 11 түрлі азық-түлік тауарының бағасын тұрақтандыруға бағытталған келісім жасалған болатын. Жалпы көлемі – 606 тонна. Тізімге қарақұмық жармасы, макарон өнімдері (өлшеніп сатылатын), күріш, күнбағыс майы, майлылығы 2,5% жұмсақ қаптамадағы айран, майлылығы 72,5% сары май, майлылығы 2,5% пастерленген жұмсақ қаптамадағы сүт, тауық еті (сан, жамбас), бірінші сұрыпты ұн, сиыр еті (жауырын-кеуде бөлігі) және ас тұзы енді. Бағаны тұрақтандыру шаралары 2026 жылы наурызға дейін жалғасады.

Тауық жұмыртқасының құнын тұрақтандыру бағытында «Сары-Бұлақ» компаниясымен 2024 жылы қазаннан 2027 жылы қазанға дейін бірінші санаттағы 86,4 млн дана жұмыртқа өндіру және өткізу жөніндегі келісім жүзеге асып отыр. Өнім қаладағы ірі сауда желілеріне, «Алатау-Құс» фирмалық дүкендеріне және шағын дүкендерге жеткізіледі. Өндіруші белгілеген баға – данасы 51 теңге, ал сауда орындарында үстемақы 15%-дан аспауға тиіс.

Бұған қоса, Алматыда әр сенбі және жексенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл жерлерде әлеуметтік маңызы бар өнімдер нарықтағы бағадан 15-20% төмен саудаланады. Жәрмеңке қаланың бес ауданында ұйымдастырылады:

* Алмалы ауданы — Масанчи көшесі (Әйтеке би және Гоголь көшелерінің арасы);
* Алмалы ауданы — Жамбыл мен Әуезов көшелерінің қиылысы;
* Әуезов ауданы — Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен);
* Бостандық ауданы — Қазақфильм шағынауданы (әл-Фараби даңғылынан жоғары);
* Медеу ауданы — Меңдіқұлов бульвары – Бектұров көшесі;
* Жетісу ауданы — Құлагер шағынауданы, Серіков көшесі, 2.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті