Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада полицейлер көші-қон заңнамасын бұзғандарды жауапқа тартты

Астанада полицейлер көші-қон заңнамасын бұзғандарды жауапқа тартты
Фото: Polisia.kz

Астанада полицейлер көші-қон заңнамасын бұзғандарды жауапқа тартты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қылмысты тоқтату" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер көші-қон қызметі жедел бөлімшелермен бірлесіп қоғамдық тамақтану орындарында, базарларда, көлік жуу бекеттерінде және жолаушылар тасымалы саласында рейдтер жүргізуде. Іс-шараның мақсаты – көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау. Екі күн ішінде шамамен 40-қа жуық құқық бұзушылық тіркелді: елде болу мерзімі аяқталғаннан кейін уақтылы шықпау, визада көрсетілген мақсатқа сай келмейтін қызметпен айналысу, сондай-ақ рұқсатсыз жұмыс істеу деректері анықталды.

Мәселен, жолаушыларды арнайы рұқсатсыз тасымалдаған 32 жастағы шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай құқық бұзушылықтар такси жүргізушілері, сондай-ақ көлік жуу бекеттері мен базарларда жұмыс істейтіндердің арасында да анықталды. Анықталған барлық фактілер бойынша заң аясында шаралар қабылданды. Көші-қон полициясы шетелдік азаматтар мен жұмыс берушілерге көші-қон заңнамасының талаптарын түсіндіріп, ел аумағында заңды болу және еңбек қызметін жүзеге асыру тәртібі туралы ақпарат беруде. Мұндай іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қаладағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті