Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапқа тартылды

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және көші-қон жағдайын тұрақтандыруға бағытталған "Заңсыз келуші - 2025" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Шараның үш күнінде Қазақстанда болу және жұмысқа орналасу ережелерін бұзған 548 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 527 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Елімізде болу ережесін бұзған 362 шетелдік, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзған 164 қабылдаушы тарап, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 22 жұмыс беруші жауапқа тартылды. ТМД елдерінен келген 282 шетел азаматының Алматыда уақытша болу мерзімі қысқартылды. Көші-қон заңнамасын өрескел бұзғаны үшін сот шешімімен 72 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. 

- Көші-қон жағдайын бақылау - біздің қызметіміздің басым бағыттарының бірі болып табылады. "Заңсыз келуші" ЖАІ аясында көші-қон полициясы, патрульдік қызмет, учаскелік инспекторлардан құралған мобильді топтар күн сайын қала көшелеріне шығады. Біз тек шетелдіктердің өздері тарапынан ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасын толық орындамайтын қабылдаушылар мен жұмыс берушілердің тарапынан да заң бұзушылықтарды анықтаймыз. Бұл кешенді жұмыс, қоғамдық қауіпсіздікті және Заң талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған, - деді, Алматы қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады