Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық «Астана Тазалық» мекемесі «KazTraffic-2025» көрмесінде цифрлық шешімдерді ұсынды

Елордалық «Астана Тазалық» мекемесі «KazTraffic-2025» көрмесінде цифрлық шешімдерді ұсынды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада өтіп жатқан «Астана Тазалық» ЖШС «KazTraffic-2025» көрмесінде қалалық санитарлық қызметтің цифрлық жаңалықтарын таныстырып, елорданың қысқы маусымға дайындық барысын жария етті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл шара – жол құрылысы, инфрақұрылым және заманауи технологияларды енгізу саласындағы ең ірі әрі беделді салалық алаңдардың бірі. Биыл көрмеге Қазақстан, Қытай, Түркия, Италия, Франция, Канада, Өзбекстан және өзге де елдерден 300-ден астам компания қатысып жатыр.Көрме аясында «Астана Тазалық» ЖШС қалалық санитарлық қызметтің цифрлық трансформациясын жан-жақты таныстырды. Кәсіпорын ұсынған мониторинг жүйесі GPS-бақылауды, жанармай шығынын, цифрлық жол парақтарын және маршруттарды талдау құралдарын бір екожүйеге біріктіреді. Бұл шешім қазіргі уақытта қаланың 440 арнайы техникасына енгізіліп, есептілікті автоматтандыру, ЖЖМ шығысының ашықтығы және тиімді маршруттық жоспарлау бойынша жоғары нәтижелер көрсетуде.Электрондық жол парағымен бірге техниканың техникалық жағдайын онлайн бақылау, қызметкерлердің күнделікті медициналық тексерістен өтуін қадағалау, құжат айналымын оңтайландыру мүмкіндігі туды.

Қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін «Med365» және «Адал Чек» онлайн-медтексеру жүйелері қолданылуда, бұл желілік жұмыстардағы тәуекелдерді айтарлықтай төмендетеді.Көрмеде алғаш рет балалар мен жасөспірімдерге арналған экологиялық Tazalike оқыту ойыны да көрсетілді. Ойын қаланың санитарлық жүйесінің жұмысын түсіндіруге, қоқысты дұрыс сұрыптауды үйретуге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және жастарды экологиялық бастамаларға тартуға бағытталған заманауи интерактив құрал ретінде ұсынылды.«KazTraffic-2025» көрмесіне қатысу – «Астана Тазалық» кәсіпорнының қаланың санитарлық-экологиялық стандарттарын жаңа деңгейге көтеру, инновациялық технологияларды енгізу және тұрғындардың экологиялық мәдениетін нығайту жолындағы тұрақты ұстанымын айқын көрсетеді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс Астананың қауіпсіз, жайлы және заманауи мегаполис ретінде дамуына үлес қосады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті