Прагада Дін және наным-сенім бостандығы жөніндегі альянстың жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясы өтті. Оған Қазақстан делегациясы да қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шара барысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов елімізде 2003 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің рөлі мен маңызын атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстанның конфессияаралық келісімді қалыптастыру және азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ету тәжірибесіне тоқталды.
Онлайн және офлайн форматта өткен іс-шараларға 40-тан астам елден 500-ге жуық адам қатысты.
Чех Республикасының Президенті Петр Павелдың қолдауымен өткен іс-шараға дипломатиялық корпус өкілдері, діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты.