Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде азаматтық қоғамның рөлін күшейтуде

Қазақстан өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде азаматтық қоғамның рөлін күшейтуде
Фото: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде «Серіктестік арқылы бейбітшілік: Өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі азаматтық қоғамның рөлі» атты халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшсі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстанның, Орталық Азия елдерінің, Еуропа мен Ұлыбританияның үкіметтік емес және зерттеу орталықтарының өкілдері қатысты.

Форумның негізгі тақырыбы – қоғамдық тұрақтылықты нығайту, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы серіктестікті дамыту және радикалданудың алдын алу мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық тәжірибемен алмасу болды.

ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Станислав Василенко қоғамдық дипломатияның өңірлік тұрақтылық пен сенімді нығайтудағы стратегиялық маңызын атап өтті. Еліміз бейбітсүйгіш сыртқы саясатын дәйекті түрде жүзеге асырып, сондай-ақ, азаматтық институттар қауіпсіздіктің белсенді субъектісіне айналатын «қоғам дипломатиясы» моделін дамытып отырғанын атап өтті.

Конференция барысында «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы және Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары консорциумының жетекшісі Аманжол Уразбаев «Серіктестік арқылы бейбітшілік» жобасын іске асырудың нәтижелерін ұсынды. Ол құрылған Консорциум мемлекет, қоғам және сарапшылар біртұтас ерте әрекет ету және алдын алу жүйесі ретінде жұмыс істейтін азаматтық қауіпсіздік архитектурасының үлгісі болғанын атап өтті.

Іс-шара аясында Қазақстанның ҮЕҰ консорциумы мен британдық «ConnectFutures» қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, радикалдануға қарсы іс-қимыл, зерттеу және білім беру саласындағы өзара әрекеттестіктің жаңа кезеңі басталды.

Конференция Қазақстанның өңірлік диалог пен бейбітшілік дипломатиясының орталығы ретіндегі жетекші рөлін растады. «Серіктестік арқылы бейбітшілік» жобасы мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының тиімді үлгісі болып, бейбітшілік, сенім және тұрақтылықты нығайтуға үлес қосты.




скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті