Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық әуе компаниялар мен америкалық компаниялар арасындағы ынтымақтастық кеңеюде

Қазақстандық әуе компаниялар мен америкалық компаниялар арасындағы ынтымақтастық кеңеюде
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында Air Astana әуе компаниясы мен Boeing компаниясы арасында Boeing 787-9 Dreamliner үлгісіндегі 15 ұшақты жеткізу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. Бұл келісім бұрын тапсырыс берілген осындай үш әуе кемесін толықтырады. Келісімшарттың жалпы құны 7 миллиард АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Әуе паркінің жаңартылуы Air Astana компаниясына халықаралық бағыттар географиясын кеңейтуге, соның ішінде АҚШ-қа тікелей әуе рейстерін ашуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, SCAT әуе компаниясы мен Boeing арасындағы әріптестік те жалғасуда. 2035 жылға дейін 15 дана Boeing 737 ұшағын сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Қазаэронавигация» РМК мен америкалық Leidos компаниясы арасында аэронавигация жүйесін Skyline-X деңгейіне дейін жаңарту жөніндегі ынтымақтастық жалғасуда.

Аталған жобаларды іске асыру Қазақстандағы әуе қозғалысын басқару жүйесінің техникалық жарақтандырлу деңгейін және қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті