Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Калининградпен әуе қатынасы ашылады

ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан – Калининград және Алматы – Калининград бағыттары бойынша әр бағытта аптасына 1 рейстен ашуға рұқсат берді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Boeing-737 әуе кемесімен тұрақты рейстерді 2021 жылғы 4 қарашадан бастап Ресейдің "Северный ветер" әуе компаниясы жүзеге асырмақ. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан – Калининград бағытында сенбі күндері, Алматы – Калининград бағытында бейсенбі күндері ұшады.

Рейстер әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.
Анықтама: 
Ресейдің "Северный ветер" әуе компаниясы 2008 жылы құрылған. Ұшақтар паркі Boeing-737, Boeing-777, Airbus A330 және Airbus A321 үлгісіндегі 33 әуе кемесінен тұрады. Негізгі әуежайы – Шереметьево. Ұшу географиясы - 200-ден астам бағыт, әлемнің 20 еліндегі 95 қаладан ұшады. "Северный ветер" әуе компаниясы жолаушылар айналымы бойынша Ресейдің ТОП-7 әуе компаниясының қатарында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді