Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлері Astana Hub-қа барды

Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлері Astana Hub-қа барды
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов елімізге ресми сапармен келген Беларусь Премьер-министрі Александр Турчинмен бірге Astana Hub-қа барды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Беларусь Республикасының үкіметтік делегациясы Қазақстандағы цифрлық индустриясының дамуы, инновациялық стартаптар және GovTech шешімдерімен танысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық мемлекетті жедел дамыту және экономиканың барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізу жөнінде қойған міндеті шеңберінде Үкімет жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда Қазақстан БҰҰ-ның онлайн қызметтер индексі бойынша әлемде 10-шы, ал ТМД-да 1-ші орында, сондай-ақ жаһандық электронды үкіметті дамыту индексінде 24-ші орында тұр. Еліміздегі мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы азаматтарға онлайн режимде көрсетіледі.

Инновациялар үшін тартымды орталыққа айналған Astana Hub алаңында делегация жасанды интеллектіні пайдалану арқылы түрлі салаларда жүзеге асырылатын қазақстандық стартаптармен танысты. Олар – ересектер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Aman, спорттық аналитиканы дамытуда Mirai Tech, пилотсыз ұшу технологиясын әзірлеуде aDrone.kz жобалары. Сондай-ақ білім беруде TrustExam және Codiplay, денсаулық сақтауда Ascle және басқа да салаларда қолданылатын ЖИ-стартаптар ұсынылған. 2024 жылы Қазақстандағы IT-қызметтерінің экспорты 20%-дан астам өсім көрсетіп, $880 млн-нан асты.

Peer-to-peer инновациялық оқыту жүйесі қолданылатын Tomorrow мектебіне барған кезде Қазақстанның жоғары білікті IT мамандарды даярлау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарына назар аудартылды.  Жалпы Қазақстанда 500 мыңға жуық азамат жасанды интеллект негіздерін оқып жатыр.

Одан бөлек, Беларусь Премьер-министріне Цифрлық кеңсенің қызметі және Egov Mobile, Egov Business, Smart Data Ukimet, ЖИ-ге негізделген ұлттық платформа мен тағы да басқалардың технологиялық мүмкіндіктері таныстырылды. Олар – халық пен бизнестің ыңғайлылығына, сондай-ақ мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігіне бағытталған. 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті