Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында құрылыс сапасына бақылау күшейтілді

Алматы облысында құрылыс сапасына бақылау күшейтілді
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысында құрылыс сапасын арттыру мен заң талаптарын сақтау бағытындағы бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма тарапынан есептік кезенде 42 азамат жеке қабылдауда болып, өтініштеріне заңға сәйкес жауап берілді. Сондай-ақ, 238 нысаннан құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы хабарлама түскен.

Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 70 нысанға хаттама толтырылып, заң бұзушылықтар анықталған. 21 іс ауданаралық соттарға жолданып, 49 құрылыс субъектісіне 28 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Атап айтқанда, тексерулер кезінде құрылыс нормаларының сақталмауы бірнеше аудандарда тіркелген.
Олардың қатарында:

Іле ауданы – Өтеген батыр ауылындағы 72 пәтерлі тұрғын үй мен Көкқайнар ауылындағы амбулатория құрылыстары;

Балқаш ауданы – Жиделі ауылындағы саябақты абаттандыру жұмыстары;

Кеген ауданы – Мойнақ су электр станциясының оқу кешені;

Райымбек ауданы – Сүмбе өзеніндегі су алу және қайта жаңарту нысаны;

Еңбекшіқазақ ауданы – Есік қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің абаттандыру жұмыстары.

Мониторинг нәтижесінде рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген 16 коммерциялық нысанның құрылысы анықталды. Бұл нысандарда мемлекеттік құрылыс нормалары мен бекітілген жобалардан ауытқулар тіркеліп, материалдар сот қарауына жіберілді. Басқарма құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету және сапаны арттыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті