Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Техникалық қадағалау Алматы жолындағы ақаулар үшін аккредиттелу құқығынан айырылды

Техникалық қадағалау Алматы жолындағы ақаулар үшін аккредиттелу құқығынан айырылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Яссауи және Дастан көшелерінің қиылысында опырылған асфальттан соң Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Достық шағынауданында инженерлік желілердің құрылыс нысандарына жоспардан тыс тексеріс жүргізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Техникалық қадағалау функцияларын жүзеге асырған «Алатау сапа құрылыс» ЖШС-не тиісті бақылау жүргізбегені үшін әкімшілік шаралар қолданылды. Тексеріс қорытындысы бойынша техникалық қадағалау өзіне қатысты қызметті дұрыс атқармағаны үшін аккредиттелу туралы куәлігінен айырылды.

Бұдан басқа, мердігер ұйым – «СПЕЦКОММУНСТРОЙ» ЖШС-не қатысты жобалық шешімдерден ауытқу және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын сақтамағаны үшін анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылданды.

Басқармада атап өткендей, қала әкімі Дархан Сатыбалды берген тапсырма аясында құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісіне бақылау күшейтілді. Алдыңгүні Әбіш Кекілбайұлы көшесінде кәріз желісін қайта жаңартуды жүргізген AsiaMax құрылыс компаниясының лицензиясынан айырылғаны туралы хабарланды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті