Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Техникалық қадағалау сарапшысына талап қатал

Құрылыс саласындағы заңнама талаптарын өрескел бұзған техникалық қадағалау сарапшыларына аттестаттарын тоқтатуға дейінгі қатаң жаза қолдану практикасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды kazlenta.kz.  

Мәселен, мемлекет қаржысына салынып жатқан объектілерде құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасыз орындалуына жол берген 5 техникалық қадағалау сарапшысына әкімшілік айыппұл салумен бірге сарапшы аттестатының қолданысы 6 ай мерзімге тоқтатылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Сұлтан Мақашов мәлімдеді.

Нысандарда құрылыс жұмыстарының сапасына бақылау күшейтіліп, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 71 жоспардан тыс тексерулер ұйымдастырылды. Анықталған ақаулар мен кемшіліктерді жою жөнінде 18 нұсқама берілді.

«Тексерулер нәтижесімен сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 91 әкімшілік іс қозғалып, кінәлі тұлғаларға 21 млн. 396 мың 196 теңге айыппұл салу жазасы қолданылды. Салынған әкімшілік айыппұлдардың 18 млн. 105 мың 820 теңгесі немесе 85,0%-ы бюджетке нақты өндіріліп, қалған 3 млн. 290 мың 876 теңге өндірілу сатысында», - деді Сұлтан Ысқақұлы.

Сонымен қатар, көрсетілетін 5 түрлі мемлекеттік қызмет электронды қызмет жүйесі «Е-лицензирование» порталы арқылы да тұрғындарға 1448 қызмет көрсетілді. Оның 294-і сарапшылық қызметке аттестаттауға, 1154-і лицензиялауға қатысты болды. Бұған қоса, техникалық қадағалау сарапшылары «E-qurylys» бірыңғай платформасы арқылы ай сайынғы есебін тапсыруда. Бүгінгі күнге 3116 техникалық қадағалаушының ай сайынғы есебі келіп түсті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады