Астанада «Қазақстан – академиялық білім беру аумағы» стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өз жұмысын бастады. Форум жоғары оқу орындарының ректорлары, аккредиттеу органдарының өкілдері мен шетелдік университет филиалдарының жетекшілерін біріктірді. Іс-шара жоғары білім мен ғылым саласындағы тәжірибе алмасу, жаһандық үрдістерді талқылау және бірлескен шешімдер қабылдау үшін маңызды алаңға айналды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Форумның негізгі іс-шараларының бірі – білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу және цифрлық құзыреттерді дамытуға бағытталған AI-Sana Ceremony болды. Қатысушыларды ҚР Президентінің көмекшісі Қуанышбек Есекеев құттықтап, AI-Sana бастамасының жаңа буынның зияткерлік экожүйесін қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.
AI-Sana Ceremony шарасы аясында еліміздің жоғары оқу орындары арасында үздік жасанды интеллект жобаларының авторлары марапатталды. Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталды: «AI – Sana Leader», «Білім берудегі үздік ЖИ жобасы – Академиялық адалдық», «Саладағы үздік шешім», «Энергетика саласындағы үздік ЖИ жобасы», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ЖИ жобасы», «Мансаптық траекторияларды құруға арналған ЖИ», «Мәдениет саласындағы үздік ЖИ жобасы», «Өнеркәсіптегі үздік ЖИ жобасы», «Қоғам игілігі үшін: жылдың әлеуметтік бастамасы», «Биомедицина саласындағы үздік ЖИ жобасы», «Инклюзивті ЖИ технологиялары» және басқа да аталымдар.
Шара аясында қатысушылар жасанды интеллект саласындағы жобалар таныстырылған ЖИ шешімдер көрмесін тамашалады.Форум қатысушыларына Стэнфорд университетінің профессоры, Дүниежүзілік банк жанындағы халықаралық сараптамалық кеңестің төрағасы Пол Ким бейнеқұттықтау жолдады. Ол Қазақстанның цифрландыру саласындағы айтарлықтай жетістіктерін атап өтіп, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, алдағы алты жылда AI-Sana жобасы жасанды интеллект пен кәсіпкерлік дағдылары бойынша жүздеген мың студентті оқытуға мүмкіндік береді.ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек атап өткендей, AI-Sana бастамасы тек заманауи технологияларды игеруге ғана емес, университеттерде жаңа ойлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған:
Huawei компаниясы жасанды интеллектке арналған курстарды жергіліктендіріп, оларды 175 мың студент аяқтап, 250 мыңнан астам сертификат иеленді.
