Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында 7,1 миллион тоннадан астам дән бастырылды

Ақмола облысында 7,1 миллион тоннадан астам дән бастырылды
Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ақмола облысында егін жинау науқанының соңғы кезеңі жүріп жатыр. Өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 7,1 млн тоннадан астам астық жинады, бұл – жалпы егіс алқабының 94 пайызы, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Орташа өнімділік гектарына 16,1 центнерді құрады, ал кейбір алқаптарда бұл көрсеткіш 60 центнерге дейін жеткен. Жиналған астықтың басым бөлігі сапасы жоғары.

Мемлекеттік қолдау шаралары мен егіс жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың арқасында өңір диқандары соңғы жылдардағы ең жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биылғы науқан қорытындысында жалпы 7,4 млн тоннадан астам астық жинау жоспарланып отыр.

Жалпы облыс диқандарына шамамен 243 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Несиелендіру бағдарламасы аясында 927 фермер 118 млрд теңге жеңілдетілген несие алды. Бұл кешенді агротехникалық шараларды сапалы жүргізуге мүмкіндік берді, соның ішінде химиялық арамшөпке қарсы өңдеу, шегірткелер мен зиянкестерге қарсы күрес шаралары. Минералдық тыңайтқыштарды енгізу көлемі үш есеге артты. Өнімділікті едәуір арттыруға машиналар мен тракторлар паркін жаңарту және дизель отынымен уақтылы қамтамасыз ету септігін тигізді.

Биыл егін жинау алқабы 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 млн гектарды құрады.

Науқанға шамамен 7 мың астық жинайтын комбайн тартылған, олардың 4,8 мыңы – заманауи әрі жоғары өнімді техника. Сондай-ақ 2,7 мың орақ және 4,8 мың жүк көлігі пайдаланылуда.

Жаңа астықты қабылдау мен сақтау үшін жалпы сыйымдылығы 7,2 млн тоннаны құрайтын инфрақұрылым әзірленген. Оның құрамында 66 астық қабылдау кәсіпорны және 1,5 мың шаруашылық қоймасы бар.

Өңірде келесі жылғы егінге арналған тұқым әзірлеу жұмыстары толық аяқталды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 1,2 трлн теңге деңгейінде қамтамасыз етіп, елдің аграрлық секторындағы жетекші өңір мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеуді жоспарлап отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті