Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Мажарстан Мемлекеттік жиналысының Төрағасы Ласло Кёвермен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов Мажарстан Мемлекеттік жиналысының Төрағасы Ласло Кёвермен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мажарстан Мемлекеттік жиналысының Төрағасы Ласло Кёвермен кездесу өткізді. Онда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы Мажарстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастыққа, соның ішінде бірлескен кәсіпорындар құруға, жаңа өндіріс орындарын салуға, сондай-ақ көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық және цифрлық салалардағы өзара іс-қимылға назар аударылды. 

Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту саласындағы ұзақмерзімді әріптестік перспективалары арнайы қарастырылды. Бұл бағыттар Президенттің еліміздегі цифрлық трансформация аясында Қазақстан Үкіметінің алдына қойған міндеттеріне сәйкес келеді. 

Мажарстан – Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды серіктесі. Өткен жылы тауар айналымы 6%-ға өсіп, шамамен $200 млн-ды құрады. Биылғы алғашқы 7 айда көрсеткіш 27%-ға өсіп, $150 млн-нан асты. Қазақстан Мажарстанға 95 тауар позициясы бойынша экспортты кеңейтуге дайын, бұл сауданың өсуі үшін елеулі перспективалар ашады.

Көлік-логистика саласы серіктестіктің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Транскаспий халықаралық көлік бағыты ерекше маңызға ие, ол Трансеуропалық көлік желісіне интеграцияланып, қазақстандық жүктердің Еуропаға жетуіне жол ашады. Ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында мажарстандық L.A.C. Holding компаниясымен бірлесіп, Будапештте 2026 жылы интермодальды терминал салу жоспарлануда.

Сонымен қатар Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметі талқыланды.

Кездесуге қатысушылар өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін жеткізді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті