Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Республика күніне арналған концерттер Астананың әр ауданында өтеді

Республика күніне арналған концерттер Астананың әр ауданында өтеді
Фото: pixabay.com

25 қазанда Астананың алты ауданында Республика күніне арналған мерекелік концерттер өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сонымен концерттік бағдарламалар келесі жерлерде өтеді: Алматы ауданы - "Жерұйық" паркі және "Теміржол" тұрғын алабында (Керегетас көшесі бойындағы саябақ) сағат 12:00-де басталады; Байқоңыр ауданы - "Ататүрік" паркі және "Өндіріс" тұрғын алабында сағат 15:00-де басталады; Есіл ауданы – "Бағыстан" ТК сағат 15:00-ден басталады;Нұра ауданы - "Айғыржал" және "Жағалау" саябақтары сағат 12: 00-де, "Мереке" бағы сағат 15:00-де басталады; Сарыарқа ауданы - Қалалық алаң және "Қорғалжын" саябағы (Көктал-2 ТК) сағат 15: 00-де басталады;Сарайшық ауданы - "Қазақ елі" алаңы сағат 15:00-де спорттық жарыстар басталады және сағат 16.00-ден концерттік бағдарлама басталады, "Өндіріс" ЖМ (Шалкөде көшесі, 1) және "Отау" ТК (А көшесі 105, 20/1) сағат 12:00-де басталады. Шарада елорда тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар ұсынылады.

Концерттік бағдарламаларға шығармашылық ұжымдар, Мәдениет басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерінің солистері және белгілі қазақстандық орындаушылар қатысады. Естеріңізге сала кетейік, республика күніне орай Астанада 150-ге жуық мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, оның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер өткізіледі. Іс-шаралар орталық алаңдар мен ірі нысандарда, сондай-ақ тұрғын үй алаптарының аумақтарында, білім беру ұйымдарында өтеді. Мереке аясында елордада және әр ауданда түрлі салалардың еңбек сіңірген қызметкерлері, еңбек ардагерлері, батылдық танытқан азаматтар марапатталады. Бұл күндері білім беру ұйымдарында дөңгелек үстелдер, пікірталас турнирлері, көрмелер, танымал адамдармен кездесулер, конференциялар, шығармашылық конкурстар, эсселер мен оқырмандар конкурстары, түрлі патриоттық челлендждер өткізіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады