21-22 наурызда елорданың алты ауданындағы тұрғын алаптарда ересектер мен жасөспірімдерге арналған интерактивті концерттік іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, 14 наурызда Қазақстанда Наурыз мейрамына арналған Наурызнаманың онкүндігі басталды. Осы 10 күн ішінде Астанада мерекеге орай 200-ден астам ауқымды іс-шара – концерттер, көрмелер, спектакльдер, шығармашылық кештер және т.б. өтеді.21-22 наурызда 6 ауданда тұрғындар үшін шығармашылық ұжымдар мен әншілердің қатысуымен концерттік бағдарламалар өтеді. Сондай-ақ, спорттық ойындар мен арнайы тақырыптық фотоаймақтар ұйымдастырылады.
21-23 наурыз күндері Байқоңыр ауданында мына орындарда ашық аспан астында концерт өтеді: 21 наурыз сағат 12:00-ден бастап – Қазқалашық тұрғын алабы, Досмұхамедұлы көшесі, 2; 22 наурыз күні сағат 12:00-ден бастап – Өндіріс тұрғын алабы, Ақбидай көшесі, 6; 22 наурыз күні сағат 12:00-ден бастап – Кирпичный тұрғын алабы, Жолымбет пен Чехоев көшелерінің қиылысындағы орталық алаң; 23 наурыз сағат 13:00-ден бастап – Қоянды саяжай алабы, ЭКСПО орталығы алаңы.
Есіл ауданы бойынша мерекелік бағдарлама 21 наурыз күні сағат 12.00-де Пригородный тұрғын алабындағы Арнасай көшесі 127, №24 орта мектебінде өтеді.Нұра ауданында 21 наурыз күні мереке Үркер тұрғын алабына өтеді. Айғыржал көшесіндегі саябақта сағат 12:00-де киіз үйлер тігіліп, спорт алаңдары мен ұлттық тағамдар ұсынылатын жәрмеңке ұйымдастырылады.
Сарыарқа ауданында мына орындар белгіленді: 21 наурыз күні Көктал саябағында (С.Бейбарыс көшесі) сағат 11.00-де спорт ойындары басталады, сағат 12.00-ден бастап концерттік бағдарламамен жалғасады; 21 наурыз күні Қорғалжын саябағында (Қайнар көшесі) сағат 11.00-де Ұлттық спорт ойындары, ары қарай сағат 12.00-де концерттік бағдарлама өтеді.
22 наурызда Агроқалашық елді мекенінде (Жалын және Қазығұрт көшелерінің қиылысы) сағат 11.00-де ұлттық спорт ойындары, ал сағат 12.00-де концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
Алматы ауданы бойынша 21 наурыз күні сағат 12.00-де Теміржолшылар тұрғын алабында концерттік бағдарлама басталады.
Сарайшық ауданында мына орындар белгіленді: 21 наурыз, концерттің басталуы сағат 12:00-де – Интернациональный тұрғын алабы; 21 наурыз, концерттің басталуы сағат 12.00-де – Мичурино тұрғын алабы; 21 наурыз, концерттің басталуы сағат 12.00-де – Күйгенжар тұрғын алабы; 22 наурыз, концерттің басталуы сағат 12:00-де – Промышленный тұрғын алабы.