Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның қай өңірінде азық-түлік көбірек қымбаттады

Қазақстанның қай өңірінде азық-түлік көбірек қымбаттады
Фото: pixabay.com

2025 жылғы 16 қазанда Қазақстан Ұлттық банкі ел өңірлеріндегі инфляция жағдайына шолу жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыркүйекте елдегі жылдық инфляция 12,9% болды (тамызда – 12,2%). Инфляцияның жеделдеуі 18 өңірде, баяулауы – 1 өңірде, ал өзгеріссіз қалуы – 1 өңірде тіркелген.

"Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы жылдық есеппен 12,7%-ға өсті (тамызда – 11,7%). Ең жоғары өсім Ұлытау облысында байқалды – 15,8%, ал ең төменгісі Алматы қаласында – 9,2%", - деп хабарлады Ұлттық банк.

Сондай-ақ ел бойынша орташа деңгейден (12,7%) жоғары азық-түлік қымбаттауы келесі өңірлерде тіркелді:

  • Ақмола облысы – 15,5%,
  • Шымкент – 14,8%,
  • Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары – 14,6%,
  • Астана – 14,3%,
  • Батыс Қазақстан – 13,9%,
  • Түркістан – 13,6%,
  • Жетісу – 13,4%,
  • Павлодар – 13,1%,
  • Алматы облысы – 12,9%,
  • Ақтөбе – 12,8%.

Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы қыркүйекте жылдық есеппен 10,8%-ға өсті (тамызда – 9,7%).

Ең жоғары көрсеткіш Ақтөбе облысында тіркелді – 13,2%, ең төменгісі – Алматыда (8,6%).

Бағаның елдік деңгейден жоғары өсуі байқалған өңірлер:

Ұлытау (12,9%), Ақмола (12,7%), Абай (12,3%), Солтүстік Қазақстан (12,1%), Маңғыстау (12%), Қарағанды және Жетісу (11,9%), Атырау (11,5%), Шығыс Қазақстан (11,3%), Алматы және Қызылорда (10,9%).

"Қыркүйекте ақылы қызметтер бағасының өсу қарқыны 15,3% деңгейінде өзгеріссіз қалды (тамызда да – 15,3%). Дегенмен, бұл көрсеткіштен айтарлықтай төмен өсім Қызылорда облысында тіркелді – 9,6%", – делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Ал республикалық деңгейден жоғары өсім Алматы (20,6%), Қарағанды (17,7%), Батыс Қазақстан (17,6%), Атырау (17,3%) және Алматы облыстарында (16,2%) байқалды.

Ұлттық банктің дерегінше, қыркүйектегі айлық инфляция – 1,1% болды.

Ең жоғары айлық өсім Ақтөбе облысында тіркелген – 1,7%.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді