Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандағы инфляция: азық-түлік пен қызметтердің бағасы қаншалықты өскен

Қазақстандағы инфляция: азық-түлік пен қызметтердің бағасы қаншалықты өскен
Фото: kazlenta.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ақылы қызметтердің бағасы – 0,7%, азық-түлік және оған жатпайтын тауарлардың әрқайсының бағасы 0,5%-дан өсті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бағаның өсуі әуе жолаушылар көлігі қызметтеріне 11,5%, теміржолға – 2,5% байқалды. Санаторий қызметтерінің бағасы 5,6%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер – 2,9%, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметтері – 1,7%, денсаулық сақтау қызметтері 1,4% өсті.

Азық-түлік тауарлары арасында мамырда көкөністер мен жемістердің бағасы өскен, қырыққабат 23,8%, пияз 9,9%, жүзім 9,6%, сәбіз 8,6%, алма 5,3%, картоп 4% қымбаттаған. Бағаның өсуі, сондай-ақ күріш – 2,5%, салқындатылған сусын – 1,9%, сүт – 1,8%, шай – 1,6% бойынша байқалды. Осы ретте қияр 39,6%, қызанақ 23,7%, тәтті бұрыш 7,6%, қарақұмық жармасы 4%, банан 3,8% арзандаған.

Мамырда бағаның өсуі баллондағы сұйытылған газға – 1,7%, бензинге – 1,2%, дизель отынына – 0,7% байқалды

Алдыңғы аймен салыстырғанда киім және аяқ киім 1,3%, жеке қолдану тауарлары 1,2%, ыдыс-аяқ 0,9%, жуу және тазалау құралдары 0,8% көтерілді.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Шымкент қаласында – 1% (орташа республикалық деңгейден 0,4 п.т. жоғары), ең төменгісі Павлодар облысында тіркелді – 0,1%.

Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының ең жоғары бағасы Ұлытау облысында – 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша Алматы қаласы және Солтүстік-Қазақстан облысында – әрқайсында 1%-дан, ақылы қызметтер бойынша Шымкент қаласында, өсім – 2,7%.

2022 жылғы мамырмен салыстырғанда кеңсе тауарлары 67,5%, қияр 53,4%, кір сабын 49,7%, ыдыс жууға арналған құралдар 47,1%, қантсыз қоюландырылған сүт 46,6%, күріш 44,9%, күндізгі стационарлық емдеу 43,6%, шақпақ қант 42,7% қымбаттаған.

Керісінше, жылдық мәнде қырыққабат және сәбіз әрқайсысы 19,1%-дан, картоп – 16,8%, у сарымсақ – 8,4%, қызылша 7,1% арзандаған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды