Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Саясат Нұрбек INQAAHE-2023 халықаралық конференциясына қатысты

Саясат Нұрбек INQAAHE-2023 халықаралық конференциясына қатысты
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жол картасы 2030» тақырыбында жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің халықаралық желісінің (INQAAHE) 17-ші Халықаралық конференциясына қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Іс-шара Астанада 29 мамыр мен 1 маусым аралығында өтіп жатыр. Конференция күндері 40-қа жуық білім беру саласындағы беделді сарапшылар баяндама жасайды. Конференцияда 250 қатысушы офлайн және онлайн нысандарда жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту, білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсарту жөніндегі жаһандық күн тәртібін қолдау үшін инновациялық, икемді және инклюзивті шешімдер бағытында ЮНЕСКО-ның жол картасы бойынша ілгерілеуді қолдау үшін сапаны бағалаудың рөлін талқылайды.

Конференцияда сөз сөйлеген министр Саясат Нұрбек Қазақстандағы сапаны қамтамасыз етудің сыртқы жүйесі институционалдық және бағдарламалық аккредиттеуді де қамтитынын атап өтті.

«Қазақстанның танылған аккредиттеу органдарының реестріне 12 аккредиттеу агенттігі кіреді: 6 қазақстандық (IAAR, IQAA, KAZSEE, ARQA, ECAQA, АТҚО) және 6 шетелдік агенттік (Германия агенттіктері – ASIIN, FIBAA, ACQUIN, Бельгия агенттігі – MusiQuE, АҚШ агенттіктері – ACBSP, ABET). Қазіргі уақытта барлық қазақстандық жоғары оқу орындарының институционалдық аккредитациясы бар. Мамандандырылған аккредиттелген білім беру бағдарламаларының саны 5 550 білім беру бағдарламасын немесе жалпы санының 60%-дан астамын құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда ол 11,3%-ға өсті», - деді министр.
Атап өтсек, INQAAHE – жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету теориясы мен тәжірибесымен айналысатын 300-ден астам ұйымды біріктіретін дүниежүзілік қауымдастық болып табылады. Қауымдастық 30 жылдан астам уақыт бұрын құрылған және ЮНЕСКО-ның серіктесі болып табылады. Әлемнің 97 елінен жоғары білім беру аккредиттеу агенттіктері мен жоғары оқу орындары қауымдастық мүшелері болып табылады.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді