Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда бөлмеаралық есік шығаратын зауыт салынады

Алматыда бөлмеаралық есік шығаратын зауыт салынады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының индустриялық аймағында бөлмеаралық есік өндіретін өнеркәсіптік кешеннің құрылысы басталады. Зауытты іске қосу 2026 жылдың тамызына жоспарланған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпорын 0,84 гектар аумақта орналасады. Мұнда жалпы ауданы 2,4 мың шаршы метрден асатын өндірістік цехтар, дайын және шикізат қоймалары, әкімшілік ғимарат және инфрақұрылым нысандары салынады.

Зауыт іске қосылған соң нарықта сұранысқа ие 120 мың есікке дейін өнім шығара алады. Олардың қатарында царгалы, боялған, сондай-ақ заманауи қаптамалары бар үлгілер – ламинат, ПВХ, шпон, эмаль және вандалға төзімді пленкалар болады.

Өндіріс үдерістері Еуропаның «жасыл» стандарттарына (EU Green Standards) сай ұйымдастырылады. Шығарылатын өнім құрамында канцерогендік заттар жоқ экологиялық материалдардан жасалады. Есік мектептерде, балабақшаларда және медициналық мекемелерде орнатуға жарамды, толықтай қауіпсіз.

Дайын өнім ішкі нарықты қамтамасыз етуге және Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдеріне экспорттауға бағытталған.

Жоба аясында кемінде 25 жаңа жұмыс орны ашылады. Қала бюджетіне түсетін салық түсімдері бес жыл ішінде 70 млн теңгеден аспақ.

Жобаны «Le porte M» ЖШС жүзеге асырады. Қаржы жағын «Almaty Finance» ЖШС – «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының еншілес ұйымы қамтамасыз етеді. 280 млн теңге мөлшеріндегі қаржы 7 жыл мерзімге жылдық 6% мөлшерлемемен берілген. Негізгі кепілгер – «Абсолют Флор» ЖШС, ол «Le porte M» компаниясының серіктесі әрі өнім дистрибьюторы. Елдің 16 облысы мен қалаларындағы ірі құрылыс компанияларымен жұмыс істейді.

«Жоба жергілікті өндірісті дамытуға және есік өнімдерінің сапасын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар зауыт жаңа жұмыс орындарын ашып, Алматының өнеркәсіптік инфрақұрылымының дамуына серпін береді», – деді «Almaty Finance» басқарма төрағасы Берік Құсайынов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті