Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда шыны ыдыс өндіретін зауыт ашылады

Алматыда шыны ыдыс өндіретін зауыт ашылады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының индустриялық аймағында аумағы 6,4 мың шаршы метр болатын заманауи кәсіпорын іске қосылады. Зауыт жылына 21,6 мың тоннадан астам шыны ыдыс шығара алады. 58 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр, ал техникалық іске қосу 2025 жылдың қыркүйегіне белгіленген, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржыландыру «Almaty Business - 2025» бағдарламасы аясында «Almaty Finance» ЖШС қолдауымен жүзеге асқан. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 500 млн теңге, оның 300 млн-ы жабдық алуға және іске қосуға, ал 200 млн-ы айналым қаражатына жұмсалады.Жоба айналым экономикасын дамытуға және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Зауыт шыны қалдықтарын қайта өңдеп, қалдықты азайтып, қоршаған ортаны қорғайды.Кәсіпорын Қазақстанның ішкі нарығын толықтай шыны ыдыспен қамтамасыз етіп, Ресей мен Өзбекстаннан импортқа тәуелділікті азайтады,-делінген хабарда.
Қазіргі таңда елде тек үш шыны зауыты жұмыс істейді, олар сұраныстың жартысын ғана өтейді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады