Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қою бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың айьуынша, жедел бөліністер күшейтілді. Ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған жетекшілік ету фактілері бойынша, оның ішінде 13 трансұлттық топқа қатысты 70 қылмыстық іс қозғалды. 248 қатысушы қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Олардың мүлкіне, шоттары мен активтеріне тыйым салынуда.Бүгін, 18:04
ІІМ: Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес күшейтілді

Фото: Polisia.kz
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз