Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Жыл басынан бері ҰҚТ бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды

ІІМ: Жыл басынан бері ҰҚТ бойынша 25 қылмыстық іс қозғалды
Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесу бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізеді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері қылмыстық құрылымдардың көшбасшылары мен қатысушыларына қатысты 25 қылмыстық іс, оның ішінде трансұлттық сипаттағы белгілері бар ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша төрт іс қозғалды. Қылмыстық қоғамдастық құрудың бір фактісі анықталды. Сондай-ақ бірінші рет трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған істер бойынша қылмыстық қудалау орбитасында тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған криминалитет өкілдері бар. 

– Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі және Бас прокуратурамен бірлесіп, мемлекетаралық деңгейде дәлелдемелік базаны жинау бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Барлығы 100-ден астам адам жауапкершілікке тартылуда. Бандитизмге қарсы күрес ІІМ-нің ерекше бақылауында, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті