Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл Алматыда 400-ге жуық ескі үйдің иесі жаңа пәтердің кілтін алды

Биыл Алматыда 400-ге жуық ескі үйдің иесі жаңа пәтердің кілтін алды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылы тоғыз айдың ішінде Алматыда тозығы жеткен үйлердің 390 иесі жаңа, жайлы жағдай жасалған пәтерге көшті. Көшіру жұмыстарын «Алматы қаласы әкімдігінің Капиталдық құрылыс кәсіпорны» және «Алматы» ӘКК компаниясы мен инвестор «Алматы қаласының тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы – 2030» аясында жүзеге асырып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пәтер иелері жаңа тұрғын үйді «бөлме-бөлмеге» қағидаты бойынша немесе бұрынғы мүлкінің нарық бағасына сай ақшалай өтем түрінде алды. Бағдарлама аясындағы барлық пәтер таза әрлеумен тапсырылуда. Онда интернет желісі тартылған, өрт дабылы, санитарлық жабдықтар, фаянс бұйымдары, сондай-ақ газ немесе электр плиталары орнатылған.

9 ай ішінде ең көп тұрғын Түрксіб ауданында – 127 адам, Жетісу ауданында – 107, Алмалыда – 58, Алатауда – 42, Әуезовте – 26, Медеуде – 18, Бостандық ауданында – 12 адам жаңа баспанаға көшті.

Бағдарлама аясында жыл басынан бері Алматыда 12 ескі үй бұзылды, жыл соңына дейін тағы алты нысанды сүру жоспарланған. Қоныстандыру мен сүру жұмысы тек меншік иелерінің келісімімен жүргізіледі.

Арнайы қажеттілігі бар тұрғындар үшін бірінші қабаттан немесе жеделсаты, пандусы мен кедергісіз кіру жүйесі бар үйлерден пәтерлер қарастырылған. Қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында каркас-қамысты құрылыстар мен сейсмикалық белсенді аймақтардағы ғимараттарды бұзуға ерекше назар аударылып отыр.

Ұсынылған нұсқалардан бас тартқан меншік иелері өз үйлерінде тұра беру құқығын сақтайды, алайда мұндай жағдайда өмір сүру тәуекелі үшін жауапкершілікті өздері көтереді.

Жыл соңына дейін Капиталдық құрылыс кәсіпорны мен инвесторлар қоныс аударған тұрғындар санын 667 адамға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

«Жаңарту бағдарламасы арқылы тұрғындардың өмір сапасының жаңа деңгейі қалыптасуда: жайлы жағдай, заманауи қалалық орта, қоғамдық кеңістік пен жаңа қызмет түрлері пайда болып отыр. Осы арқылы мегаполистің сәулеттік келбеті жаңарып, тұрғындар қауіпсіз әрі жайлы пәтерлерге қол жеткізіп келеді. 2030 жылға дейін тозығы жеткен үйлердің санын 1366-дан 690-ға дейін азайтып, шамамен 7 500 меншік иесін көшіру жоспарланып отыр», — деді «Капиталдық құрылыс кәсіпорнының» басқарма төрағасы Ринат Құрманов.

«Алматы қаласының тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы – 2030» жобасын қала әкімдігі әзірлеп, 2024 жылдың қарашасында мәслихат бекіткен. Бағдарламаның әкімшісі – «Алматы» ӘКК» АҚ, ал уәкілетті ұйым – «Алматы қаласы әкімдігінің Капиталдық құрылыс кәсіпорны» ЖШС.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті