Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Арал теңізі бассейнінде 40-тан астам экологиялық жоба жүзеге асырылып жатыр

Арал теңізі бассейнінде 40-тан астам экологиялық жоба жүзеге асырылып жатыр
Фото: primeminister.kz

Астанада Қазақстанның төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының екінші отырысы өтті. Жиынға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен іс-шараға су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Өзбекстан Президентінің кеңесшісі Шухрат Ганиев, Тәжікстан Премьер-министрінің орынбасары Сулаймон Зиёзода және Түрікменстанның ауыл шаруашылығы министрі Чарыяр Четиев қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бақылаушы ретінде Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігі Су ресурстары қызметі директорының орынбасары Абдыбай Жайлообаев қатысты. 

«Бүгінде халықаралық қоғамдастық бізден тек мәлімдемелер емес, нақты шешімдер күтеді. Арал теңізінің тағдыры, трансшекаралық суды тиімді әрі әділ пайдалану, табиғи ресурстарды сақтау – аймақтық қана емес, жаһандық маңызы бар мәселелер. Олар орнықты даму, азық-түлік пен энергетикалық қауіпсіздік, сондай-ақ миллиондаған адам тұрмысының сапасымен тікелей байланысты. БҰҰ Бас Ассамблеясының соңғы отырысында екі ел басшылары қоршаған ортаны қорғау үшін сенім, ынтымақ және бірлескен әрекеттердің маңызды екенін атап өткен болатын. Қазақстан бұл көзқарасты толық қолдайды», — деді өз сөзінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев.

Кездесуде тараптар келесі жылы сәуір айында өтетін Халықаралық Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына дайындық барысын, сондай-ақ Қазақстанның 2024-2026 жылдардағы төрағалығы кезеңінде Атқарушы комитеттің жұмыс жоспарын жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Жиынға қатысушылар Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасының және Орталық Азияның тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаның орындалу барысын талқылады. Сондай-ақ олар Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдық құрылымы мен құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының қызметін қарастырды.

Қазіргі уақытта Арал теңізі бассейнінде 42 экологиялық жоба іске асырылып жатыр. Сонымен қатар Дүниежүзілік банктің қолдауымен екі аймақтық гранттық жобаны бастау мүмкіндігі пысықталуда.

Отырыста қатысушылар Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің 26 наурызды Арал теңізі, Әмудария және Сырдария өзендерінің халықаралық күні деп жариялау туралы ұсынысын назарға алды. 

Кездесу соңында Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының шешімдеріне қол қою рәсімі өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті