Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының отырысына қатысушылармен кездесу өткізді

Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының отырысына қатысушылармен кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанның төрағалығымен өтіп жатқан Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) басқармасының екінші отырысына қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорының қызметіне баса мән береді және аталған ұйымды өңірдегі экологиялық сипаттағы мәселелерді шешудің, трансшекаралық су пайдаланудың ұтымды әрі өзара тиімді құралдарының бірі ретінде қарастырады.

Кездесуде Арал теңізіндегі су деңгейін арттыру жөніндегі бірлескен шаралар, соның ішінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жолдауында айтқан бастамалары шеңберінде талқыланды.

Олжас Бектенов өз сөзінде ХАҚҚ-қа қатысушы мемлекеттердің басшылары энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стратегиялық маңызы бар су-энергетикалық ресурстарын пайдаланудың ұтымды тәсіліне басымдық беретінін атап өтті.

Осы жылдың вегетациялық кезеңі өте қиын өтті. Күрделі жағдайларға қарамастан, үкіметтердің сындарлы өзара іс-қимылы Арал теңізі бассейнінде тұрақты су режимін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Премьер-министр Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Үкіметтерінің басшыларына алғысын білдіріп, үйлестірілген жедел іс-қимылдар арқылы ғана елеулі шығындардың алдын алуға болатынын атап өтті.

«Әр елдің өз ұлттық мүддесі бар, біз оны қашан да қорғауға міндеттіміз. Бірақ біздің ортақ стратегиялық, ұзақмерзімді басым мақсатымыз тату көршілік қарым-қатынас екені сөзсіз. Күнделікті, қысқамерзімді міндеттерді шешуде біз ұзақмерзімді басымдықтарға нұқсан келтірмеуіміз керек. Мәселелерді әрқашан өзара тиімді әрі қолайлы негізде шешу үшін бірлескен шаралар қабылдайтынымызға сенімдімін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.  

Қазақстанның төрағалығы аясында жүргізілетін жұмыстың басым бағыттарының бірі – цифрлық трансформация және су саласында жасанды интеллектіні қолдану. ЖИ енгізу суды пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етеді және су шығынын азайтуға мүмкіндік береді.  Арал теңізі бассейнінде су ресурстарын есепке алудың, мониторинг жүргізудің, басқарудың және бөлудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығы да атап өтілді.

Кездесу барысында, сондай-ақ Тәжікстан Премьер-министрінің орынбасары Зиёзода Сулаймон, Өзбекстан Президентінің кеңесшісі Шухрат Ганиев, Түрікменстан ауыл шаруашылығы министрі Чарыяр Четиев сөз сөйледі.

Талқылауды қорытындылай келе, Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның ашықтық, ынтымақтастық және сындарлы диалог қағидаттарына бейіл екенін нақтылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті