Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жас жігіттерден ірі көлемде есірткі тәркіленді

Астанада жас жігіттерден ірі көлемде есірткі тәркіленді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қала прокуратурасының үйлестіруімен есірткі қылмыстарына қарсы айлық өтіп жатыр. Қалалық полицейлер ірі көлемде есірткімен жасырып кетіп жүрген екі жігітті ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырылып жатқан 30 күндік есірткі қылмысына қарсы іс-шаралар аясында күдіктілердің әрекеті жедел басқару орталығы операторлары арқылы тіркелген. Олар гараж маңындағы бұталардың арасынан бір нәрсе іздеп, кейін «Cobalt» көлігіне отырып кетпек болған.Патрульдік экипаж дереу тоқтатқан көліктен 22 және 23 жастағы екі жігіт шықты. Жеке тексеріс кезінде бірінің қалтасынан 47 орам ақ түсті ұнтақ (мефедрон) және бір орам марихуана табылды. Ол өзіне жасырып кеткенді іздеп жүріп, одан да ірі есірткі партиясына тауып алғанын мойындады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.Астаналық полиция есірткі сақтау мен қолдану қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салып, профилактикалық шаралардың жалғасатынын атап өтті.Елордада жүзеге асырылып жатқан есірткіге қарсы айлық сияқты шаралар халықтың хабардарлығын арттыруға, полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ есірткі қылмыстарына және қоғамдық қауіпсіздікке төнетін өзге де қатерлерге қарсы күресте бірлескен әрекетті күшейтуге маңызды рөл атқарады.

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар кешені бірлескен рейдтерді, оқу орындарындағы алдын алу әңгімелерін, сондай-ақ тыйым салынған заттарды тарататын интернет-ресурстарды анықтау және жою жұмыстарын қамтиды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті