Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа инклюзивті ойын алаңы ашылды

Астанада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа инклюзивті ойын алаңы ашылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астананың Нұра ауданында жалпы аумағы 738 шаршы метр болатын ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа инклюзивті ойын алаңы ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алаң көру қабілеті нашар, қозғалысы шектеулі және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың қажеттіліктеріне сай бейімделіп, олардың еркін ойнап, білім алып, дамуына барлық мүмкіндік қарастырылған. Мұнда ойын, спорт және танымдық аймақтар біріктіріліп, әр балаға тең қолжетімді орта жасалған.  Қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тактильді плиткалар мен бағыттаушы жолақтар, әртүрлі жабындардан құралған сезімдер жолағы (шағал тас, көгал, құм, болат, жұмсақ жабын), Брайль қарпімен жазылған ақпараттық тақтайшалар (әліпби, алаң сызбасы, бағдарлар), кең жолдар мен ыңғайлы навигация орнатылған.

Демалыс және таным аймақтарына шатыр астындағы шағын кітапхана, қол тіреуіші бар орындықтар мен омыртқа ауруына бейім балаларға арналған арнайы орындықтар, шатыр астындағы ас үстелдері, велосипед пен арбаларға арналған тұрақ кіреді ойын және спорт алаңдарында батуттар мен әткеншектер (оның ішінде ұя-әткеншек), кеме пішініндегі инклюзивті ойын кешені, воркаут аймағы және арбамен ойнауға ыңғайлы көтеріңкі құмсалғыш қарастырылған. Сондай-ақ балалар үшін арнайы жасалған интерактивті мини-қалашықта өрт сөндіру бекеті, жедел жәрдем, полиция, қонақүй, СТО, мейрамхана сынды ғимараттар мен бағдаршамдар, жаяу жүргіншілер өткелдері, жол белгілері секілді инфрақұрылым элементтері бар.

«Біздің міндетіміз – әрбір отбасының өзін қоғамның назарында, қамқорлықта сезінуі инклюзивті ойын алаңы – балалардың еш кедергісіз бірге ойнап, бірге дамуына жол ашатын маңызды бастама», – деді алаңның ашылу сатанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Ришат Тұрдыбеков.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті