Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ерекше балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету орталықтарының саны артты

Астанада ерекше балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету орталықтарының саны артты
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті білім беру кеңістігі жыл сайын кеңейіп келеді. Қазіргі таңда Астана қаласында 4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 2 оңалту орталығы және аутизм спектріндегі балаларды қолдау мақсатында 2 арнайы орталық жұмыс істейді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жыл сайын бұл мекемелерде 4 000-нан астам бала кешенді түзету көмегін алады.Инклюзивті бағыттағы жұмысты одан әрі күшейту мақсатында 2025 жылдың сәуір айында елордада №5 психологиялық-педагогикалық түзету орталығы өз жұмысын бастады. Бұл орталық 0 жастан 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған. Атап айтқанда, мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын, арнайы немесе жалпы біліммен қамтылмаған балаларға жан-жақты көмек көрсетіледі.№5 орталық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындысы негізінде келесі санаттағы балалармен жұмыс жүргізеді:

• көру және есту қабілеті бұзылған;

• сөйлеу қабілеті дамымаған немесе тежелген;

• тірек-қимыл жүйесінде ақауы бар;

• психикалық дамуы кешеуілдеген;

• ақыл-ойында ауытқуы бар;

• мінез-құлқы мен эмоциялық-еріктік салада қиындықтары бар балалар.

Орталықтың жобалық қуаты — 100–150 бала, ал жыл сайынғы қамтылу көлемі — 300–350 бала. Мұнда 9 мамандандырылған кабинет жұмыс істейді. Балалармен логопедтер, дефектологтар, психологтар, бейімделген дене шынықтыру (АФК) мамандары, музыкалық ырғақ нұсқаушылары, сурдопедагог пен тифлопедагогтар жұмыс істейді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады