Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданында алғашқы инклюзивті балалар алаңы ашылды

Алматының Жетісу ауданында алғашқы инклюзивті балалар алаңы ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жетісу ауданында Алматыдағы ең алғашқы инклюзивті балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Ол «Бақытты отбасы» отбасын қолдау орталығының жанында, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында орналасқан, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, алаңның басты ерекшелігі – оның барлық балаға, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар ұл-қыздарға да қолжетімділігінде. Мұнда балалардың еркін ойнап, дене шынықтырып әрі қоғамға бейімделуіне жағдай жасалған. Бұл бастама шын мәнінде тең әрі жайлы қалалық ортаны құру жолындағы маңызды қадам болып отыр.

Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Данияр Әлкебайұлының айтуынша, жаңа алаң «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында бой көтерген.

– Бұрын бұл жерлерде ескі үйлер болған. Айналма жол салынғаннан кейін айналасында бос жерлерді сәтті пайдаланып, осындай халыққа пайдалы аймақтар жасадық. Бұл ойын алаңының басты ерекшелігі – оның барлық балаға қолжетімді болуы. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалар да еркін ойнап, спортпен айналысып, қатарластары сияқты қоғамға бейімделе алады. Инклюзивті орта әрбір баланың дамуына жағдай жасайды», – деді ол.

Алаңның басты нышаны – ұрпақтар сабақтастығын, отбасы құндылығын және бірлікті бейнелейтін «Бақытты отбасы» мүсіні.

Ашылу салтанатына «Бақытты отбасы» орталығының өкілдерімен бірге Алматы қалалық мәслихатының депутаттары мен аудан әкімдігінің қызметкерлері қатысты.

Ашылу салтанатына келген балалар ата-аналарымен келіп, әткеншек теуіп, түрлі ойын құрылғыларында ойнады. Анимациялық кейіпкерлер бүлдіршіндермен бірге ойын ұйымдастырып, қонақтар балаларға тәттілер, балмұздақтар таратты.

Көпбалалы ана Әйгерім Куватова «Балаларым шын қуанып ойнап жүр. Мұндай алаңдар көп болса, әр отбасы үшін үлкен қолдау болар еді», – деп қуанышымен бөлісті. Жансүгіров көшесінің тұрғыны Айзада Багирова да ризашылығын білдіріп: 

«Бұдан былай бұл жерге күнде келеміз. Балаларыма ұнап жатыр. Мұнда ойын түрлері көп екен. Қауіпсіз әрі қызықты орын болыпты», – деді ол.

Жаңа жобаның аясында заманауи инклюзивті спорт және ойын кешендері орнатылып, қауіпсіздік үшін 200-ден астам жарық шамы мен 12 бейнебақылау камерасы қойылды. Сондай-ақ 22 орындық пен шағын сәулеттік нысандар орналастырылған. Территория көгалдандырылып, жасыл желекті күтіп-баптау үшін скважинадан қуат алатын автоматты суару жүйесі іске қосылды.

Жаңа инклюзивті алаң – Алматының әрбір тұрғынына, әсіресе балаларға жасалған қамқорлықтың көрінісі десек болар. Бұл бастама қаладағы қолжетімді әрі тең мүмкіндіктер ортасын кеңейтіп, тұрғындардың күнделікті өмірін жандандыра түсетіні анық.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті