Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет жылыту маусымына дайындық барысын талқылады

Үкімет жылыту маусымына дайындық барысын талқылады
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды. Премьер-министр Олжас Бектеновке аптадағы жағдай туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары – соңғы сатысында. Өткен аптада 1 қазандық пен 3 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар 10 қосалқы станса мен 100 тарату пункті жөнделді, 13 шақырым жылу желілері қайта жаңартылды. Жалпы, 6 энергоблок, 29 қазандық, 16 турбина және 293 шақырым жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Роман Скляр өткен Үкімет отырысынан кейін Степногорск қаласындағы жылу желілерінде барлық жұмыстар аяқталғанын баяндады. Аягөз қаласы да жылыту маусымының басталуына дайын. Орал қаласында бір апта ішінде тағы 20% жұмыс аяқталды, жалпы прогресс 85%-ды құрайды. 

Аягөз қаласының орталық қазандығындағы №3 қазандықта жөндеу жұмыстары аяқталды, №2 қазандықтың дайындығы 70%-ды құраса, №1 қазақндық 20%-ға дайын. Сәтбаев қаласында №2 қазандықта жөндеу жұмыстары аяқталды. Қосымша биылғы 30 қыркүйекке дейін №1 қазандық дайын болады. №3 қазандықтарды жөндеу тиісінше 82%, ал және №4 қазақдықта 48% орындалды.   

Аталған нысандардағы жұмыстар биылғы 1 қазанға дейін аяқталу қажет, деп атап өтті Роман Скляр.

«Бірқатар өңірде жұмыстар әлі аяқталмаған. Кейбір облыстарда санаулы күннен кейін жылыту маусымы басталады, ғсондықтан, әкімдерге жөндеу жұмыстарының аяқталуын жеке бақылауға алуды тапсырамын.  Орал, Степногорск, Аягөз және Сәтбаев қалаларында жылу беру мәселесін ерекше назарда ұстаңыздар», — деп тапсырды Премьер-министр Олжас Бектенов. 

Аталға жұмыстарды бақылау Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті