Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарындағы энергетика нысандарын жаңғырту барысы тексерілді

Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарындағы энергетика нысандарын жаңғырту барысы тексерілді
Фото: primeminister.kz

Президент тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындығын кешенді түрде тексеруді жалғастырып келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында үкіметтік жұмыс топтары энергетика және ТКШ нысандарын тексеруде.

Премьер-министрдің кеңесшісі Нұрлан Ұранхаев Ақмола облысының Степногорск қаласында ЖЭО жұмысымен, сондай-ақ тозуы 71%-дан асатын жылу желілерін жөндеу және реконструкциялау барысымен танысты. Жоспарланған жұмыстар жүргізілгеннен кейін тозу деңгейі 68%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.

Ал Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Батыс Қазақстан облысында «Жайықжылуэнерго» АҚ-ның алдағы маусымға дайындығын тексерді. Сондай-ақ Орал қаласындағы сорғы стансасы мен су қоймасының құрылысы және өңірдегі электр желілерінің реконструкциясы қалай жүріп жатқаны тексерілді. Бүгінгі таңда облыста 1410 әлеуметтік нысан және 2041 көппәтерлі тұрғын үй жылыту маусымына дайын.

Алдағы жылыту маусымына дайындық Үкіметтің ерекше бақылауында тұр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді