Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Үлкен Алматы өзенінің арнасы жаңартылып жатыр

Алматыда Үлкен Алматы өзенінің арнасы жаңартылып жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін БАҚ өкілдеріне Үлкен Алматы өзенінің арнасын қайта жаңғырту жобасы таныстырылды. Журналистерге жобаның орындалу барысы көрсетіліп, сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, қайта жаңғырту 5,7 шақырымдық аумақта – №1 тұндырғыштан бастап Абай даңғылына дейінгі бөлікте жүргізіліп жатыр. Жоба аясында іргелес аумақты абаттандыру көзделген. Қазіргі таңда жұмыстардың 40%-дан астамы орындалды. Басқарма мамандары нысанның жай-күйін күнделікті бақылап отыр. Сонымен қатар, техникалық қадағалау және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы тарапынан тұрақты бақылау жүргізіледі.

Жобаның мердігері – «Павлодар өзен порты» АҚ. Компания өкілі Сергей Житиневтің айтуынша, қайта жаңғырту жоспарға сай жүріп жатыр, жобаны аяқтау 2026 жылға жоспарланған.

Жұмыс аясында ескі әрі деформацияланған гранит тақталары алынып, гидрооқшаулағыш қабаты бар жаңа тақталар орнатылады. Жиектастар жаңарып,жүргінші және техникалық жолдар абаттандырылады. Гидравликалық сынақтардан кейін анықталған ақаулар жойылып, тегістеу қабаты төселеді.

Сондай-ақ, жасыл желекті автосуару үшін сорғы станциясы орнатылады. Өзен бойына ағаштарды жаппай егу 2026 жылы көктемге жоспарланған. Жобаға жарамсыз қоршауларды алып тастау және жаңарту, сондай-ақ көпірлерді жөндеу жұмыстары – тазалау, грунттау және бояу кіреді.

«Барлық жұмыс жоспарға сәйкес орындалып жатыр. Қажет болған жағдайда, тұрғындардың өтініші бойынша қосымша түсу және көтерілу жолдарын қарастыруға дайынбыз», – деді мердігер ұйым өкілі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті