Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы елордадағы бірқатар нысанды аралады

Мемлекет басшысы елордадағы бірқатар нысанды аралады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы елордадағы бірқатар нысанды аралады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жаңа ғимаратына барды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай архив Алматыдан Астанаға көшірілді. Бұл ел тарихына қатысты құжаттар сақталатын орын ғана емес, білім және ғылыми-әдістемелік кешен ретінде қызмет көрсететін Орталық Азиядағы алғашқы архив болмақ.

Арнаулы ғимаратта мұрағат қоймасы, зертханалар, интерактивті экспозиция және оқырман залдары, жұмыс бөлмелері мен әкімшілік аумақ орналасқан. Мұндағы 24 мұрағат қоймасы қағаз жүзіндегі құжаттарды, дыбыстық-бейнелік жазбаларды сақтауға, сондай-ақ шағын таспалардағы және электрондық құжаттарды сақтандыру қорын орналастыруға арналған.

Президент Архивінде Қазақстанның 1918 жылдан бергі саяси тарихына қатысты құжаттардың мол қоры жинақталған. Атап айтқанда, қорда еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы, сыртқы және ішкі саясаты, халықаралық қатынастары, экономикалық қайта құру үрдістері мен әлеуметтік-мәдени дамуы бойынша материалдар бар.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Мемлекет басшысына жаңғырту жұмыстарынан кейін бас ғимараттың көлемі 10 мың шаршы метрге ұлғайып, 38 мың шаршы метрге жуықтағаны жөнінде баяндалды.

Соның нәтижесінде жаңа арнаулы аудиториялар ашуға мүмкіндік туды. Ауқымды іс-шаралар өткізетін 1100 орындық үлкен концерт залы пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, оқу корпусында академиялық музыкаға арналған камералық зал, дайындық студиялары, студенттер мен өзге де суретшілердің туындылары қойылатын көрме галереялары бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді