Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісуда полиция туристер мен жүргізушілерге жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін еске салды

Жетісуда полиция туристер мен жүргізушілерге жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін еске салды
Фото: Polisia.kz

Жетісуда полиция туристер мен жүргізушілерге жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін еске салды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қытаймен шекаралас Жетісу облысында полиция қызметкерлері заңды тәртіпті қамтамасыз етуге және жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда. Барлық іс-шаралар “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды басты қағида етіп алған “Заң және тәртіп” тұжырымдамасына сәйкес жүргізілуде. Облысқа келетін шетелдік туристерге жол қозғалысы ережелері мен жолдағы мінез-құлық тәртібі түсіндіріліп, ыңғайлы тілдерде әзірленген жадынамалар табысталуда.

Жүргізушілер мен жүк тасымалдаушыларға арналған жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жадынамалар, соның ішінде қытай тілінде де дайындалған. Сапар алдында: көліктің техникалық жай-күйін тексеру, алғашқы медициналық көмек қобдишасын, өрт сөндіргішті және апаттық тоқтау белгісін дайындау, алдын ала медициналық тексеруден өту, жол жағдайы мен ауа райын ескере отырып, бағытты жоспарлау ұсынылады. Қозғалыс барысында: белгіленген жылдамдықты сақтау, арақашықтық пен бүйірлік интервалды ұстану, қауіпсіздік белдігін тағу, кенет манёвр жасамау, шаршаған, мас немесе есірткілік әсердегі күйде көлік жүргізбеу – қатаң тыйым салынған.

Түнгі уақытта, жаңбыр, қар немесе көктайғақ кезінде жылдамдықты азайтып, барынша мұқият болу қажет. Өңір трассаларында жабайы жануарлардың шығу қаупі бар, бұл жүргізушілерден қосымша сақтықты талап етеді. Жүктерді тасымалдағанда олардың берік бекітілуі маңызды. Төтенше жағдай кезінде апаттық дабыл шамын қосу, апаттық тоқтау белгісін қою, қажет болған жағдайда жолаушыларды эвакуациялау, полицияға – “102”, жедел жәрдемге – “103” нөмірлеріне хабарласу қажет. Полицияның профилактикалық жұмыстары Жетісу жолдарында әрбір сапардың тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз болуына бағытталған. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және “Заң және тәртіп” тұжырымдамасының талаптарын орындау – қоғамдық қауіпсіздіктің кепілі мен адам өмірін сақтаудың басты жолы.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті