Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында полиция жолдағы бақылауды күшейтті

Абай облысында полиция жолдағы бақылауды күшейтті
Фото: Polisia.kz

Абай облысында полиция жолдағы бақылауды күшейтті, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының азаюы бойынша оң динамика байқалуда. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша жол апаттарының саны 551-ден 452 фактіге дейін қысқарған. Қаза тапқандар саны 36-дан 26 адамға, зардап шеккендер саны 748-ден 684 адамға азайған. Аймақтағы автомобиль жолдарының ұзындығы 10 555 шақырымды құрайды, бұл – республика бойынша екінші көрсеткіш. Атап айтқанда: халықаралық маңызы бар – 287 км, республикалық – 1889 км, облыстық – 1630 км, жергілікті – 3022 км, көше-жол желісі – 3645 км. Алайда талдау көрсеткендей, тас жолдардағы жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі – ауыл шаруашылығы жануарларының иелері тарапынан малды қараусыз жіберу.

Биылғы жылдың басынан бері түнгі уақытта (20:00-ден 08:00-ге дейін) малдың қатысуымен 35-тен астам жол апаты тіркелген. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері 85 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. 1107 мал иесі жауапқа тартылып, 5875 бас мал арнайы айып тұрағына жеткізілді. Жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында өңірде цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Атап айтқанда, жол-көлік оқиғаларына себеп болатын жауапсыз мал иелерін анықтау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) қолданылуда. Полицияның стационарлық бекеттерінде жол қозғалысына қатысушылармен түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Жүргізушілерге жылдамдықты асырмау қажеттігі туралы парақшалар мен жадынамалар таратылуда. Сондай-ақ “ҚазАвтоЖол” филиалымен бірлесіп, елді мекендерден тыс жол бойларына қоршаулар орнату мәселесі пысықталуда. Бұл – малдың жолға шығуынан болатын апаттардың алдын алуға бағытталған шара. Заманауи техникалық құралдарды қолдану және “ақылды” бақылау жүйесін дамыту – жолдардағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының деңгейін одан әрі төмендетуге бағытталған.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады